20:47, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен Еуразиялық Даму Банкі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
АЛМАТЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат – Бүгін Астанада ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен Еуразиялық Даму Банкі (ЕДБ) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕДБ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құжаттарға ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник және ЕДБ басқарма төрағасының орынбасары Қамбар Шалғымбаев қолдарын қойды.Меморандум банкке қатысушы-мемлекеттердің нарықтық экономикасының дамуына, олардың экономикалық тұрақты өсуіне, сауда-экономикалық байланыстың өзара кеңейтілуіне қолдау көрсетуге бағытталған. Меморандумға қол қою инвестициялық жобаларға, инвестициялық жобаларға қатысушыларға сараптамалық қолдау жасауға, жобалар мен экспорттық операцияларды қаржыландыруға, банк қаржыландыруды қабылдаған инвестициялық жобаларды зерттеуге қатысты тараптардың ақпараттар алмасуының құқықтық негізін қалайды.