ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Алматыдағы инновациялық кәсіпорындарды аралады

АЛМАТЫ. 2 наурыз. ҚазАқпарат -  Бүгін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ-ның басшыларынан тұратын жұмыс тобы  Алматыдағы бірқатар кәсіпорындарды аралады.
None
None

Олардың ішінде Алматы вентилятор зауыты, Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ технопаркі, «Мембранды технологиялар» ЖШС-і  және басқа нысандар бар. Олар өз  жобаларымен мемлекеттен қолдау тауып, дамудың жаңа сатысына көтерілуге мүмкіндік алды.

«Бүгінгі таңда бізде еңбек өнімділігі 70 пайызға дейін ұлғайды. Болжам бойынша өнімділік енді екінші деңгейге көтеріліп, энергия шығыны 40 пайызға дейін азаяды», - дейді Алматы вентилятор зауытының директоры Ғалымжан Қартбаев. Өз өнімін  республикаға ғана емес, сыртқы нарыққа да шығаратын бұл кәсіпорын қазір Қазақстандағы азаматтық және өндірістік қажеттіліктің 70 пайызын қамтып отыр.

Ал суды тазарту үшін арнайы мембрандарды даярлайтын «Мембранды технологиялар» ЖШС-нің жобасы 2011 жылы Ұлттық инновациялық қор ұйымдастырған Инновациялық жобалардың республикалық байқауында  жеңімпаз деп танылған болатын. Олардың жобасы  ғылыми идеядан бастап өндіріске дейін жеткізілді. Қазіргі уақытта компания ТМД ғана емес, Еуропалық одақ елдері мен өзге де шет елдерге өз өнімдерін экспорттауда. Компания директоры Александр Цхайдың айтуынша, қазір тағы да бірқатар жаңа технологиялар ойлап табуда.  Олар да экспортта жоғары сұраныста болып, өндірістің барлық салаларына қажетті өнім болмақ.

Соңғы жаңалықтар