20:25, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
ҚР Ішкі істер министрі Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысымен кездесті
АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетовтің Астанадағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Орталығының басшысы Александр Кельчевскимен кездесуі болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесуге қатысушылар ҚР Ішкі істер министрлігі мен Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының арасында қалыптасқан ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің жоғары деңгейін атады. Атап айтқанда, кездесуге қатысушылар ҚР ІІМ мен ЕҚЫҰ ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы, оның ішінде «Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте Орталық Азия құқық қорғау ұйымдарының аймақтық ынтымақтастығын күшейту» атты аймақтық конференциясын Астанада ағымдағы жылғы шілденің 1-інде өткізу мәселелері, сондай-ақ Еуропа елдеріндегі полиция қызметтерін бағалау талаптарын және қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тәжірибесін зерделеу бойынша ҚР ІІМ бастамасы талқыланды.Кездесу дәстүрлі өзара түсіністік және сындарлы диалог жағдайында өтті.