ҚР Ішкі істер министрі бастаған ақпараттық-насихаттық топ алты ауданда тұрғындармен кездеспек

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ертең, наурыздың 3-інде ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағамбетов бастаған ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Ақмола облысы аумағында алты аудан мен Көкшетау, Степногор қалаларында жергілікті тұрғындармен кездесіп, Елбасының «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру шараларына қатысатын болады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметіне сілтеме жасап.

Министр таңертеңгілік облыстық ішкі істер департаментінде құрылым қызметкерлерімен кездесіп, облыс әкімінің қабылдауында болмақ. Облыс әкімдігінде жергілікті тұрғындарды жеке сауалдары бойынша қабылдау өткізетін болады. Екі күндік сапар барысында Степногор қаласында «Степногор подшипник зауыты» акционерлік қоғамы, қалалық ішкі істер бөлімі ұжымдарымен кездеседі.

Үгіт тобының мүшелері өңірдің Атбасар, Астрахан, Бурабай, Жақсы, Есіл, Егіндікөл аудандарында Елбасының Жолдауын кеңінен насихаттап, пікір алмасатын болады. Әр кездесу барысында аудан активінің жиналысы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар