ҚР Ішкі істер министрі Интерполдың бас хатшысымен кездесті

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов Интерполдың Бас хатшысы Рональд Ноублмен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қысқа мерзімді арнайы сапарында Р.Ноубл Интерполдың Орталық бюросы Қазақстанның құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылға зор маңызын беріп отырғанын атап өтті және қазақстандық полициямен іскерлік ынтымақтастыққа жоғары баға берді. Бас хатшы өзінің Қазақстанда соңғы рет 2002 жылы болғанын және елдің және оның елордасының қарыштап дамығанына таңданысын білдірді. Рональд Ноубл Ішкі істер министрі С.Баймағанбетовке Астанада 2012 жылы Интерполдың Азиялық аймақтық конференциясын өткізу жөнінде ұсыныс жасады. Серік Баймағанбетов Қазақстан 1992 жылдан бері Интерполдың мүшесі болып отырғанын, осы кезеңде оның Бас Хатшылығымен ынтымақтастық жоғары деңгейге жеткенін атап өтті. Кездесуде сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық пен ақпарат алмасу перспективалы талқыланды. Соңғы бес жылдың ішінде Интерпол арналары бойынша Қазақстанның ішкі істер органдары 100-ден астам қылмыстарды анықтады және 40-тан астам қылмыскерді іздеп тапты. Қазақстан орталықазиялық аймақ елдерінің ішінде алғашқы болып бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асырды және Интерпол телекоммуникациялық жүйелеріне қосылды. Кездесу дәстүрлі өзара түсіністік және сындарлы диалог жағдайында өтті.
Соңғы жаңалықтар