ҚР Ішкі істер министрі мен Халықаралық көші-қон ұйымының өкілі адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы құжатты бекітті

АСТАНА. 18 қазан.  ҚазАқпарат -  Ағымдағы жылдың 18 қазанында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов пен Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы Миссиясының басшысы Деян Кесерович адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.  
None
None

ҚР ІІМ мәліметінше, меморандум адам саудасының құрбандарына көмек көрсету, адам саудасымен байланысты қылмыстарды ескерту, жолын кесу, анықтау және тергеу мақсатында ақпарат алмасу, алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу саласында тараптардың ынтымақтасуын көздейді.

Сонымен қатар, қатысушылар кездесу барысында адам саудасына қарсы күрес және халықтың көші-қоны саласындағы ынтымақтастық пен жұмысты одан әрі жалғастырудың ортақ мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар