ҚР кәcіпкерлері ГФР-да «Болашақ» бойынша тағлымдамадан өте алады
Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасы GIZ Deutsche Gesellschaftfur Internationale Zusammenarbeit GmbH халықаралық жобасымен бірге ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ресми қолдауымен «Болашақ» халықаралық шәкіртақылық бағдарламасының аясында 2014 жылдың 1-30 қарашасы арасында Германияға бір айлық орыс тілді талғымдамаға инженер-техникалық жұмысшылар мен машина жасау кәсіпорындарын басқарудың орта буынды мамандарын қабылдайтынын жариялайды.
Үміткерлердің жоғары білімі мен жалпы еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс. Оның ішінде бір жыл өзінің мамандығы бойынша жұмыс істеуі және мемлекеттік тілді міндетті түрде білуі қажет.
«Осы тағлымдамаға байланысты барлық шығындар «Болашақ» бағдарламасының есебінен жүргізіледі. Құжаттарды тапсыру уақыты - бірінші кезең - 2014 жылдың 15 мамырына дейін; екінші кезең - 2014 жылдың 1-30 маусымы аралығында», - делінген хабарламада.