11:04, 07 Мамыр 2013 | GMT +5
ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы барша қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін, Отан қорғаушы күнінде «Отар» 40-ыншы әскери базасында ел Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жауынгерлік парад өтуде.

Парад басталар алдында сөз сөйлеген ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы бүгін шебі бүтін, шекарасы берік қасиетті Қазақ жерін қорғайтын Қарулы Күштеріміздің құрылған күні екендігін атап өтті.
«Биылдан бастап 7 мамырды мемлекеттік мереке ретінде атап өтетін боламыз. Мен барша қазақстандықтарды, сарбаздарымызды Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл батыр бабалардың даңқты жолымен Отанға адал қызмет ететін жасағымызды тоғыстыратын мейрам. Аталарымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен осы ұланғайыр жерді қорғап, бізге мұраға қалдырды. Соның арқасында бүгін тәуелсіз мемлекет құрып, оны өркендетіп келеміз», - деді Елбасы.