21:20, 05 Сәуір 2010 | GMT +5
ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы және АҚШ Орталық қолбасшылығының басшысы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады
АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат -Бүгін Ақордада ҚР Президентінің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин Құрама Штаттардың Қазақстандағы елшісі Ричард Хоугландтың қатысуымен АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы Дэвид Петреуспен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында сұхбаттасушылар аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша пікір алысты. Бұдан басқа, кездесу ауқымында бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзіне асырудың маңызы, сондай-ақ өзара мүдделі мәселелердің барлық қырлары бойынша екіжақты ынтымақтастықты арттырудың қажеттігі атап көрсетілді.
Тараптар бірлескен жұмыстың нәтижелерін қанағаттанғандықпен атап өтті және бұдан былай да белсенді диалогты қолдау ниеттерін білдірді.