ҚР Конституциялық кеңесі Жаңаөзен қаласында сайлау өткізу мүмкін емес деген өз қаулысының күшін жойды

АСТАНА.  11 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу мүмкін емес деген өз қаулысының күшін жойды.
None
None

Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Роговтың атап өтуінше, кеңес шешіміне толықтай немесе оның бөлігіне ҚР Президентінің наразылығы енгізілуі мүмкін. Ол КК мүшелерінің жалпы санының үштен екісінің дауысы арқылы еңсеріледі.

Бүгін Конституциялық Кеңес Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 6 қаңтардағы № 1 қосымша қаулысына енгізілген қарсылығын қарады. Дауыс беру барысында Президент қарсылығы еңсерілмеді.

«Осыған орай «Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі туралы» ҚР Конституциялық заңы 73 бабының 4 тармағына және 38 бабының 3 тармағына сәйкес қосымша қаулы қабылданбады деп саналады, ал қолдаухат бойынша конституциялық өндіріс тоқтатылуға жатады», - деді И.Рогов.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы тарапынан ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 6 қаңтардағы № 1 қосымша қаулысына қарсылық енгізілді, өйткені ҚР Констициялық Кеңесі Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депуттарының сайлауын өткізбеу туралы шешім қабылдаған еді. Қарсылықты енгізе отырып, Қазақстан Президенті Жаңаөзен қаласының тұрғындарының алаңдаушылығы мен абыржушылығын ескерді, өйткені Конституциялық Кеңестің жоғарыда көрсетілген шешімі еліміздің заңдары мен Конституциясында қарастырылған олардың сайлау құқықтарын шектейді.

Соңғы жаңалықтар