18:58, 02 Наурыз 2010 | GMT +5
ҚР Қорғаныс министрі ақпараттық-насихаттық топ құрамында Қостанайға келеді
ҚОСТАНАЙ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Сәрсенбі күні, наурыздың 3-інде Қостанайға ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихаттық топ құрамында Қостанайға келеді.
Қостанай облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, министр таңертең «АгромашХолдинг» ААҚ-ның жергілікті филиалында, содан кейін қорғаныс департаментінде, әскери киімдер тігетін «Большевичка» АҚ фабрикасында болады. Сапар бағдарламасы Ә.Жақсыбековтің қатысуымен облыс активінің отырысымен аяқталады, онда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаттары талқыланады.