ҚР Қорғаныс министрлігі өкілдері Түркияның қорғаныс ведомствосындағы шолу курсына қатысты

Түрік Республикасының қорғаныс ведомствосы орталығында өткізілген шолу курсына қатысты, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Курстың мақсаты - ҰҚШҰ әскери-саясаттық өлшемі және Ашық аспан келісімі шеңберінде сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары бойынша келіссөздер - 1999 жылғы Вена құжатын, Еуропада қару-жарақ туралы келісім ережелерін талдау болған еді.
Келіссөз барысында ДОВСЕ және ВД-99 негізгі теориялық және практикалық ережелері, инспекциялық және хабарландыру қызметі, қорғаныс саласында жоспарлау, сондай-ақ жыл сайынғы жоспарлар жөніндегі мәселелер талқыланды.
Қазақстан Республикасында қару-жарақты бақылау саласындағы жоғарыда аталған барлық халықаралық келісімдер мен келісімшарттарды іске асырумен Қорғаныс министрлігі жанындағы Қару-жарақ қысқартуды және инспекциялық қызметті қамтамасыз етуді бақылау жөніндегі орталығы айналысады. Орталық ВД-99 шеңберінде қарумен жарақтануды бақылау бойынша осындай курстарды жыл сайын өткізеді.