ҚР Қорғаныс министрлігі Штаб басшылары комитетінің төрағасы Сәкен Жасұзақов Қытайда жұмыс сапарымен жүр
24 сәуір күні жұмыс бабындағы сапармен Қытайға келді, деп хабарлады ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
Генерал-полковник Сәкен Жасұзақов келген күні Қытайдың Ұлт-Азаттық армиясы Бас штабының басшысы генерал-полковник Чэнь Бидэмен кездесті. Келіссөз барысында тараптар қазақстан-қытай әскери-техникалық ынтымақтастығының келешегін талқылады.
Бүгін, 25 сәуірде Сәкен Жасұзақов Шанхайда өтетін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдері бас штаб басшыларының кеңесіне қатысады. Бірлескен отырысқа қатысушылар ұйым аясындағы әскери ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен перспективасын, ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, Орталық Азия өңірінде бейбітшілікті және тұрақтылықты сақтаудың өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарлануда.
Қазақстандық генерал сапар аясында сондай-ақ Қытайдың нақты машина жасау компаниясына (ВИЭКТМ) ат басын тіреп, оның жұмысымн танысады. Сапар 27 сәуірде аяқталады.