17:45, 25 Сәуір 2013 | GMT +5
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қазақстанда су тапшылығы проблемасын шешудің 40 тәсілін көріп отыр
АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанда су тапшылығы проблемасын шешудің 40 тәсілі байқалып отыр. Бұл туралы бүгін Астанадағы Еуразия медиа форумында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

«Бізде басты блоктар - бұл су ресурстары. Қазақстанда судың жетіспеушілігіне байланысты проблемалар бар және олар арта түседі», - деп пайымдайды министр.
Оның сөзіне қарағанда, еліміздегі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласында су тапшылығы болжануда.
«Бұл тапшылықты түрлі әдістер арқылы жабуға болады. Осы су жетіспеушілігін шешудің 40-тан астам әдісі бар. Біз бұл тұрғыда жұмыс істеп жатырмыз»,-деді ол.