ҚР құрамасы өз тарихында алғаш рет Олимпиада ойындарында 4 «алтын» еншіледі

Алғаш рет тәуелсіздік алғаннан бергі аралықта біздің команда Олимпиада ойындарының 4 «алтынын» еншілеп отыр,
1996 жылы Атлантада өткен жазғы ойындарда Қазақстан құрамасы 3 алтын ұтып, сол жолы құрама қоржынына бессайысшы Александр Парыгин, бокшы Василий Жиров және грек-рим күресінің шебері Юрий Мельниченко жоғары награда салған болатын.
Араға төрт жыл салып Сиднейде өткен жазғы ойындарда жасындай жарқыраған боксшыларымыз Ермахан Ыбрайымов пен Бекзат Саттарханов және жеңіл атлетіміз Ольга Шишигина Олимпиаданың ең жоғары тұғырына көтерілген еді.
Ал 2004 жылы Афинада біздің спортшылар тек 1 ғана алтын медаль ұтты. Оны боксшы Бақтияр Артаев алды.
2008 жылы Бейжің Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 2 алтын еншіледі. Оның бірін бокшымыз Бақыт Сәрсекбаев ұтса, екіншісін зілтеміршіміз Илья Ильин қанжығасына байлады.
Ал 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында біздің төрт спортшымыз өздерінің әлемдегі ең мықты спортшы екендіктерін дәлелдеді. Олар: велошабандоз Александр Винокуров, зілтеміршілер Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедова.