ҚР Мемлекеттік хатшысы ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары К. Воллебекпен кездесті

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кнут Воллебекпен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары арасындағы ынтымақтастықтың сипатын атай отырып, тараптар біздің еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы қарсаңындағы және төрағалығы кезеңіндегі өзара іс-қимылдың перспективасын талқылады. «Ұлттар арасындағы бейбітшілік пен конфессиялар арасындағы келісімді сақтау және бекемдей түсу Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының іргетасы болып табылады. Өйткені біздің көпұлтты мемлекетіміздегі бірлік пен келісімді сақтап және нығайта отырып экономикасы мығым және қарқынды дамушы Қазақстанды одан әрі дәйекті дамытуға болады», - деді кездесуде Қ. Саудабаев. Мемлекеттік хатшы Қазақстан 2010 жылғы қаңтардан бастап ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының көзқарасын және басымдықтарын білдіретінін атап өтті. «Еліміздің этникааралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі, төзімділік қағидаттарын ілгерілетудегі қол жеткізген жетістіктерін ескере отырып, кемсітушіліктің барлық формаларымен күрестегі ЕҚЫҰ-ның күш-жігерін нығайту біздің төрағалығымыздың күн тәртібіндегі шешуші буын болады», - деді Қ. Саудабаев. Осы нәзік саладағы проблемаларды шешуде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясын құру, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының құрылтайын шақыру жөніндегі серпінді бастамаларын мысал ретінде келтірген Қ. Саудабаев, «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға ұсына алатын дүниелері баршылық», - деді. Өз кезегінде К. Воллебек, «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға алдағы төрағалығы ел үшін де, Ұйым үшін де аса маңызды. Қазақстан көпұлтты мемлекет. Көпұлтты мемлекеттегі татулықты сақтаудағы тәжірибелеріңіз Ұйым үшін аса пайдалы болады», - деп атап көрсетті. Кездесуден кейінгі брифингте К. Воллебек Мемлекетттік хатшымен тартымды әңгіме өрілгенін, осы жылдар ішінде Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасында білім, аз ұлттар мәселелері, мемлекеттік басқару, тіл салаларында тығыз ынтымақтастық орнағанын атап өтті. «Қазақстан аз ұлттар мәселелеріндегі қауіп-қатерлердің алдын алып, қолда бар мүмкіндіктерді дамытуда, тілдерді оқытуда сүбелі үлес қоса алады деп ойлаймын», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар