ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарымен кездесті
деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Қ.Саудабаев Қазақстанның адам құқықтарын қорғау саласында қолға алып отырған нақты шаралары туралы әңгімеледі, оның ішінде 2012 жылға дейінгі Адам құқықтарын қорғау жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспары да бар.
ЕҚЫҰ төрағалығында Қазақстан Ұйымның қызметіндегі гуманитарлық өлшемдерді жандандыра түспек. Бұл орайда осы жылғы маусымның 29-30-ы күндерінде Астанада өтуі белгігеніп отырған жоғары деңгейдегі төзімділік пен кемсітпеушілікке арналған ЕҚЫҰ конференциясы маңызды оқиға болмақ. Қ.Саудабаев Н.Пиллайды Қазақстанға сапармен келуге және осы конференцияда сөз сөйлеуге шақырды.
Н.Пиллай Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы Қазақстанға Ұлттық іс-қимыл жоспарын орындауға қолдау көрсетуге әзір екендігін білдірді.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, сол күні Женевада Қ.Саудабаев БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінде сөз сөйлеп, үкіметтің осы саладағы іс-қимыл жоспары туралы баяндады. Ол сонымен қатар Қазақстан 2012-2015 жылдарға Адам құқықтары жөніндегі кеңеске мүшелікке өз кандидатурасын ұсынып отырғанын атап өтті және осы өтінімге халықаралық қолдауға сенімін білдірді.