18:26, 31 Наурыз 2010 | GMT +5
ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Киевте Жоғарғы рада депутаттарымен кездесті
КИЕВ. Наурыздың 31-і. Қазақпарат /Расул Бахамов/ - Бүгін ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Киевте Украинаның Жоғарғы радасында парламент спикері Владимир Литвиновпен кездесті.
Қ.Саудабаев сондай-ақ фракциялар жетекшілерімен және елдің саяси партияларының өкілдерімен кездесті. Жүздесу барысында ішкі саяси жағдаймен байланысты мәселелер, сыртқы саясат және басқа да мәселелер талқыланды.