ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрін Минскіде Беларус Президенті қабылдады
Беларус Президенті қазақстандық қонақты үш сапада - ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы және ҚР СІМ басшысы ретінде ғана емес, Кеден одағына кіретін ел өкілі ретінде де көретінін айтты.
А.Лукашенко Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде ойға алған барлық жоспарларын жүзеге асыратынына сенім білдірді. Ол Қазақстанның ЕҚЫҰ ауқымындағы басымдықтары ұжымдық мәселелер деп санауға болатын атап өтті, өйткені Беларус ҚР ұсыныстары мен бастамаларына сөзсіз қолдау көрсетті және бұдан былай да қолдау көрсететін болады.
А.Лукашенко Қ.Саудабаевты ЕҚЫҰ саммитін өткізуде Қазақстан Беларустың толық қолдауына ие болатынына сендірді.
Өз кезегінде Қ.Саудабаев беларус мемлекетінің басшысына ЕҚЫҰ саммитіне шақыруды табыс етті және жазда Ұйым СІМ басшыларының бейресми кеңесі өтетінін, онда саммиттің күн тәртібі және басқа да ұйымдастыру мәселелері нақтыланатынын хабарлады.