ҚР Мемлекеттік хатшысы Жамбыл облысында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын оң бағалады

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев өңірге жұмыс сапары барысында «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тіңлшісі. Саяси кеңестің отырысы өткен қалалық киноконцерт залында Қ.Саудабаев Жамбыл облысының барлық деңгейдегі әкімдерімен кездесті. Облыс әкімі Бөрібай Жексембин қатысушыларды Жол картасы негізгі инвестициялық бағыттарын жүзеге асыру ауқымында аймақта қаржы дағдарысының салдарын жұмсарту, жұмыссыздықтың алдын алу үшін қолға алынып отырған шаралармен таныстырды.«Облыста дағдарысқа қарсы шараларға барлығы сегіз миллиард теңге бөлінді, оның 6,7 млрд.теңгесі Жол картасы ауқымында қарастырылып отыр. Жұмысқа орналасудың облыстағы мүмкіндіктері жайында еңбекке қабілетті тұрғындар арасында белсенді түсінік жұмыстары жүргізілуде. Барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша 32 мың адамды жұмыс орындарымен қамтуға болады», - деді Б.Жексембин. Бұдан кейін сөз алған ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Саудабаев оның Жамбыл облысына сапарының мақсаты ? Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аймақта қалай жүргізіліп жатқанымен, қазақстандықтардың игілігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар қалай жүзеге асырылып жатқандығымен танысу екенін атап өтті.Қ.Саудабаев тұтастай алғанда, Жамбыл облысында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырылу сапасына оң баға берді, аймақтың ауыл шаруашылығын дамытудағы табыстарын атап өтті. «Мемлекет басшысы бұл саланы дамытуға зор көңіл бөліп отыр. Соңғы жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығына елеулі қаржы салынды», -деді Қ.Саудабаев.
Соңғы жаңалықтар
Референдум