ҚР Мемлекеттік хатшысының төрағалығымен Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтуде
Кеңес отырысының жұмысына Үкімет мүшелері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары, жастар саясаты саласындағы сарапшылар, сондай-ақ жастар саясаты мәселелері бойынша аймақтық басқармалардың басшылары қатысуда.
ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың атап өтуінше, 2013 жылы ел Үкіметі «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіткен.
«Тұжырымдаманы іске асыру екі кезеңмен жүзеге асырылады, 2015 жылы іске асырудың бірінші кезеңі аяқталған. Оның қорытындылары бойынша мемлекеттік жастар саясаты саласының институционалдық, әдістемелік дамуында оң өзгерістерге қол жеткізілген. 2016 жылдан бастап Тұжырымдаманың екінші кезеңін іске асыру басталды. Екінші кезеңнің мақсаты - жас азаматтардың табысты әлеуметтенуі және жастар әлеуетін елдің одан әрі дамуы үшін бағыттау үшін мемлекеттік жастар саясатының тиімді моделін қалыптастыруды аяқтау», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру Ұлт жоспары, Қазақстанның үшінші жаңғыруы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттері контекстінде өтіп жатыр.
«2017 жылдың қараша айында Концепцияны іске асыру бойынша шаралар жоспары жаңартылды, ол жұмыспен қамту, бос уақытты ұйымдастыру, отбасылық құндылықтарды нығайту, жастар ұйымдарын, кәсіпкерлік және волонтерлікті қолдауға бағытталған», - деді ҚР Мемлекеттік хатшысы.
ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес - елдегі мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру бойынша іс-шаралардың басты диалог алаңы. 2017 жылы Кеңестің құрамы сапалы өзгертілген, салалық аймақтық басқармалар жұмысын үйлестіру күшейтілді.