ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде жаңа тағайындау болды

АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы А.Байменовтың бұйрығымен Асқар Шоманов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының жаңа бастығы - Тәртіптік кеңестің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.
None
None

Ол бұған дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары міндетін атқарған.

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Алихан Байменов мемлекеттік органдардың кадр қызметтері басшыларына, Агенттіктің Қостанай облысы бойынша басқармасының ұжымына және Тәртіптік кеңестің мүшелеріне Басқарманың жаңа басшысын - Тәртіптік кеңестің төрағасынтаныстырды.

Жаңа басшыны таныстырғаннан кейін А. Байменов облыс орталығының мемлекеттік қызмет активін Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тұжырымдамасының негізгі қағидаттарымен таныстырды.

Аталған Тұжырымдаманың негізгі қағидаттары А. Байменовтың Аймақтық мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы курстарының тыңдауышыларымен және осы орталықтың ұжымымен өткен кездесудің басты тақырыбы болды.

Сонымен қатар, іссапар барысында А. Байменов Қостанай ауданында болып, Халыққа қызмет көрсету орталығының және ауданның мемлекеттiк органдары кадрлық қызметтерi жұмысының ерекшелiктерiмен танысты. Өз кезегiнде, кадрлық қызметтердiң жұмыскерлері Агенттiк Төрағасымен кездесу барысында Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тұжырымдамасының негізгі қағидаттары бойынша жан-жақты мәлiметтер алды.

Соңғы жаңалықтар