11:30, 17 Қыркүйек 2011 | GMT +5
ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының бастығы қызметіне А.Шоманов тағайындалды
СТАНАЙ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов 16 қыркүйекте өзінің Қостанайға сапары кезінде облыстық басқарманың жаңа бастығы - Асқар Шомановты таныстырды.

Ә.Бәйменов қостанайлық басқарманың жаңа басшысы бұрын Агенттік төрағасының орынбасары қызметін атқарғанын хабарлады. Бұрынғы басшы Әбдімаш Мәмешов зейнет демалысына шықты.