ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы жұмыс сапарымен БҚО-да болмақ

ОРАЛ. 5 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Алихан Бәйменов 5-6 мамыр күндері жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысында болмақ.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, агенттік төрағасы облыс басшысы Нұрлан Ноғаевпен бірге 6 мамыр күні мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша өткізілетін семинар-кеңеске қатысады. Бұл шарада мемлекеттік қызметкерлер, агенттіктің Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары бойынша басқарма басшылары, облыс әкімі аппараттарының жетекшілері бас қоспақшы.

Сол күні А.Бәйменов М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ЖОО-ларда жергілікті мемлекеттік басқару мамандығы бойынша білім алып жатқан жастармен кездесіп, облыс әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының жұмысымен танысады.

Соңғы жаңалықтар