ҚР мен Джибути саяси консультациялар бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

  АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы  Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов пен  Джибути Республикасы Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Махмуд Али Юсуф екі мемлекет арасындағы саяси консультациялар бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
None
None

 «Бұл құжат Қазақстан мен Джибути арасындағы алғашқы келісім болып табылады. Мұның алдында біздің елдер арасындағы қарым-қатынастар Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында өрбіген болатын. Бұл меморандумда екі ел арасында министрлік деңгейінде саяси консультациялар өткізу мәселелері нақты белгіленген. Аталмыш консультациялар барысында мемлекеттер ара қатынасының барлық спектріне қатысты мәселелер қаралады. Сондықтан бұл келісім негіз құраушы болып табылады. Саяси консультациялардан соң екі мемлекеттер арасында басқа да келісімдер жасалмақ»,-дейді Азия және Африка мемлекеттері департаментінің бастығы Айдарбек Тұматов.

Соңғы жаңалықтар