17:30, 30 Сәуір 2013 | GMT +5
ҚР мен Корея үкіметтері арасындағы Балқаш жылу электр стансасы туралы келісім ратификацияланды
АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Корея Республикасы Үкіметінің арасындағы Балқаш жылу электр станциясын қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалануға беру және техникалық қызмет көрсетуді дамыту саласындағы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.