15:18, 03 Шілде 2013 | GMT +5
ҚР мен РФ шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификацияланды
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.