ҚР-нің Түркиядағы елшісі Ыстамбұл қаласында Абай атындағы мектепте жаңа оқу жылының ашылуына қатысты

Өз сөзінде Елші мектеп оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап, оқуда табысқа жетуге тілектестігін білдірді. Қазақстандық дипломат қазақтың ойшылы, философы және ақыны Абай есімімен аталатын мектепті 2003 жылы Түркия Президенті Абдолла Гүлдің қатысуымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы елге ресми сапары кезінде ашқанын еске салды. Ол Қазақстан мен Түркия қатынастары жоғары деңгейде деп атап өтті, саяси және сауда-экономикалық салаларда ғана емес, білім және мәдениет саласында да серпінді дамып отырғанын баса айтты.
Ж.Түймебаев мектепке 2 мультимедиалық проектор, 2 қабырғаға ілінетін экран, Қазақстан және Абай шығармашылығы туралы кітаптар, қазақ тілі мен әдебиетін үйрететін оқулықтар сайлады.
Сол күні еліміздің тәуелсіздігі мен қазақстан-түрік қатынастарының 20 жылдығына арналған Қазақстан туралы фотокөрме ашылды, сондай-ақ шығармашыл топтардың қатысуымен концерт қойылды.
Шараға Ыстамбұл қаласы губернаторының орынбасары, аудан әкімшілігінің мэрі және басшысы Зейтінбұрын, ҚР-ның Ыстамбұлдағы бас консулдығының қвызметкерлері, сондай-ақ ғылыми және шығармашыл зиялы қауым қатысты.
Шара елдің бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жазылып көрсетілді.