10:47, 01 Желтоқсан 2012 | GMT +5
ҚР-ның Әзірбайжандағы Елшілігінде Н.Назарбаев жазған кітаптар және Қазақстан басшысы туралы әдебиеттер көрмесі өтті
БАКУ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан Тұңғыш Президенті күніне орай Бакуде ҚР-ның Әзірбайжандағы Елшілігінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жазған кітаптар және Қазақстан басшысы туралы әдебиеттер көрмесі өтті.

Қазақстан Елшілігінде күн сайын көптеген шетелдік азаматтар болады және бұл күндері олардың көбі қазақстандықтарды жаңа мерекемен құттықтауға келді.
Қазақстандық дипломатиялық өкілдікке келушілер мен қонақтар көрмеге қойылған әдебиеттермен таныса отырып, заманауи және гүлденіп отырған Қазақстанның дамуын Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстыруда.