ҚР-ның бірінші вице-премьері жұмыс сапарымен Атырау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында болады

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат -Бүгін бірінші вице-премьер Серік Ахметов жұмыс сапарымен Атырау облысында жүр.
None
None

Атырауда С. Ахметов Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарының барысымен танысады деп күтілуде. Одан кейін өзендер арналарын бекіту жұмыстары жүріп жатқан аудандарда, «Атырау МұнайМаш» зауытында болады.

Күннің екінші жартысында бірінші вице-премьер Оңтүстік Қазақстан облысына аттанды деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар