ҚР-ның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының бастамасымен Венада өтетін жыл сайынғы форумның күн тәртібінде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланады

ЕНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше 56 мемлекет, азаматтық қоғамдастық пен халықаралық құрылым өкілдері осы жылғы мамырдың 6-7-і күндері австриялық Хофбург сарайында гендерлік теңдікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылайды.
None
None

Ұйымның баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және Демократиялық институттар және адам құқығы бюросының бастамасымен жыл сайынғы кездесудің басты күн тәртібінде әйелдердің саясат сахнасында және қоғамдық өмірде алатын орнының маңызын арттырудың тиімді жолдарын анықтау және талқылау болмақ.

Ұйымға мүше-мемлекеттер заңның үстемдігіне негізделген гендерлік теңдікті әділетті демократиялық қоғамның іргетасы ретінде бірауыздан қолдап, 2004 жылы ЕҚЫҰ аумағындағы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мақсатына бағытталған іс-қимыл жоспарын қабылдаған болатын.

Соңғы жаңалықтар