08:40, 09 Қыркүйек 2010 | GMT +5
ҚР-ның қала салу қызметі туралы заңына енген түзетулер компанияларға көмек қолын береді - С.Жорабеков
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала салу және құрылыс қызметтері туралы» Заңына енген түзетулер уәкілетті мемлекеттік органның сәулет, қала салу және құрылыс саласындағы компанияларға көмек беріп, олардың жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау облыстық басқармасының бастығы Сансызбай Жорабеков осындай пікірін жеткізді.
Оның айтуынша, осы саладағы жүргізілген реформалардың мақсаты - құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында кездесетін үрдістерді алып тастау, құрылыс салу үшін рұқсат алу қызметін жеңілдету болып отыр.
С.Жорабековтің пікіріне сүйенсек, рұқсат беру үрдістерін оңтайландыру, құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсат беру, мемлекеттік сараптамадан өту, электронды құжаттама түрін дамыту сияқты мәселелер жете зерттеуді қажет етеді, және осы мәселелер елімізде 2014 жылға дейін қабылдануы тиіс жаңа Құрылыс кодексінде көрсетілуі керек.