ҚР-ның Қырғызстандағы елшілігінің бастамасымен қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовке ескерткіш тақта орнатылды
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада айтылғандай, оның салтанатты ашылуынан кейін мемориалдық тақтаның іргесіне гүл шоқтары қойылды. Оның алдында Қазақстан елшілігі әзірлеген Мұхтар Әуезов көшесіндегі көптеген үйлердегі жазушының есімі жазылған тақтайша белгілері жаңартылды. Қырғызстанда қазақ жазушысының құрметіне салтанат оның Бішкек қаласының Емен саябағындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен, А.Молдоқұлов атындағы ұлттық компьютер гимзназиясындағы кездесумен, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті мен ҚР мәдениет және туризм министрлігіндегі «дөңгелек үстелдермен» жалғасты.
М.Әуезовке арналған мереке «Қазақфильм» киностудиясы түсірген қазақстандық режиссер Қанат Есенамановтың «Адамдар жолы» деректі публицистикалық фильмінің таныстырылымымен аяқталды. Онда М.Әуезовтің бүкіл түркі жұртының ортақ қазынасы «Манас» эпосын қорғаудағы жанқиялық еңбегі туралы баяндалады. М.Әуезовтің туғанына 115 жыл толуына арналған мерекеде Қырғыз Республикасының президенті А. Атамбаев М.Әуезов қоғамдық қорының директорын қабылдады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Шараға Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бейбіт Исабаев, Қырғызстан мәдениет және туризм министрі Сұлтан Раев, Еңбек, көші-қон және жастар министрі Алиясбек Алымқұлов, Бішкек қаласының мэрі Иса Өмірқұлов, М.Әуезов қоғамдық қорының директоры Мұрат Әуезов, «Қырғызстан-Астана» Қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов, Қырғызстан қазақтары қауымдастығының басшысы Серікқұл Қосақов, сондай-ақ Жогорку Кенеш депутаттары. ҚР Үкіметінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ өкілдері және Бішкек тұрғындары қатысты.