ҚР-ның Венгриядағы елшілігі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының алғашқы 100 күнінің қорытындысын ұсынды
Депуттаттық корпус, облыстық өзін-өзі басқару активі, қоғамдық-саяси және сараптамалық орта өкілдері, өнер зиялыларымен кездесу аясында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының алғашқы 100 күніндегі қорытындылары түйінделді.
Республиканың Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік пен сенімділік шараларының нығая түсуіне қосқан үлесі, сондай-ақ Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік туралы жаһандық саммиттегі Елбасы баяндамасының мазмұны туралы ақпарат жиналған қауымның ерекше назарын аудартты.
Біздің мемлекеттің бірлік пен келісім турасындағы көпұлттық және мультиконфессионалды тәжірибесін есепке ала отырып, венгрлік аудитория ҚР-ның толеранттылықтың жоғарғы деңгейіндегі ЕҚЫҰ Конференциясының шақыруы мен Саммиттің Астанада ұйымдастырылуы бастамаларына ынта қойды.
С.Бодидің пікірінше, Қазақстанның ЕҚЫҰ, келесі жылғы ИКҰ сияқты беделді халықаралық институттарға төрағалық етуі таңдаған жолдың дұрыстығын білдіреді және де оның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев басшылық жасап отырған жас мемлекеттің сөзсіз жетістігі болып табылады.
Мерекелік шара аясында ҚР Президентінің «Қазақстандық жол» атты кітабының венгр тіліне аударылған нұсқасының тұсаукесері болып, елшілік тарапынан «Венгриялықтарға Қазақстан туралы» атты арнайы кітап дайындалған, сондай-ақ ҚР Президентінің халыққа Жолдауы мен ЕҚЫҰ-ға төрағалығы туралы баспасөз парақтары таратылды. Кездесуге қатысушыларға венгр тіліндегі «Қазақстан бүгін: халық бірлігі - басты ұлттық құндылық» атты фильм көрсетілді, біздің мемлекет туралы тақырыптық фотокөрме қойылған.