ҚР Омбудсмені: Қауіпсіздік мақсатында бейбіт жиындарды шектеу - заңды

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің (Омбудсменнің) атына халықаралық және отандық үкіметтік емес ұйымдардан, атап айтқанда Amnesty International, сондай-ақ ү.ж. 24 мамырда өткен құқық қорғаушылардың баспасөз мәслихаты барысында Адам құқықтары үшін хартиядан аталмыш проблема бойынша сұрақтар келіп түсті. Омбудсменнің тиісті ұстанымы оның 2015 жылғы қызметі туралы есептің тұсаукесері кезінде айтылды (www.ombudsman.kz сайтында ресми орналастырылған).
Осыған байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі төмендегіні хабарлауды қажет деп санайды.
Қазақстандық қоғамда Жер кодексіне түзетулердің түрлі, соның ішінде бұрмаланған түсініктерінің туындауына байланысты, Мемлекет басшысы оның жекелеген нормаларын қолдануға мораторий енгізу және Жер реформасы жөніндегі комиссияны құру туралы шешім қабылдады. Жер мәселесі бойынша қоғамдық пікірді барынша жинақтау үшін аталмыш алаң осы орайдағы туындаған мәселелерді жан-жақты талқылау үшін ашылды. Осы даулы ережелерді түсіндіру және жер заңнамасын пысықтау туралы құрылымда ұсыныстарды қабылдау бойынша «жедел желі» құрылып, қызмет атқаруда.
Одан басқа, әртүрлі форматтарда, соның ішінде қоғамдық кеңестерде, Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясында және басқаларында талқылануда.
Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген пікірталастың алдын ала нәтижелерін алмай тұрып, елдің бірқатар өңірлерінде митингтерді өткізуге өтінімдер берілді, оларды жергілікті атқарушы органдар қанағаттандырмады. Прокуратура мен полиция аталмыш жиындарды өткізген кезде азаматтар құқықтарының ықтимал бұзылуын болдырмау мақсатында қолданыстағы заңнама шеңберінде шаралар қолданды. Бірқатар азаматтар белгіленген процедураларға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олар, әрине, сондай-ақ осы шешімдерге шағымданудың тиісті тетігін пайдалана алады.
Кейінгі белгілі оқиғалар Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 21-бабының нормаларын қолдану мүмкіндігін қуаттады, ол бойынша мемлекет «мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, халықтың денсаулығы мен адамгершілікті қорғау немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүддесінде заңға сәйкес бейбіт жиындарды шектеу» құқығына ие бола алады.
Сонымен қатар, БҰҰ конвенциялық органдары, азаматтық қоғамдастық пен басқа да мүдделі тараптар бірнеше рет бейбіт жиындарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін реттейтін ұлттық заңнаманы жетілдіру мәселесін көтерген болатын. Аталмыш мәселе, әрине, заң шығарушы тетіктің шеңберінде шешілуі тиіс. Ол сондай-ақ Омбудсмен мекемесінің мониторинг жүргізу саласында болып отыр, оның шеңберінде БҰҰ-ның Бейбіт жиындар мен бірлестіктер жөніндегі Арнайы баяндамашысын қоса алғанда, мемлекеттік органдарда, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарда талқыланды.
Сондай-ақ жалпы қабылдаған халықаралық-құқықтық стандарттар мен ұлттық заңнамаға сәйкес жол берілмейтін тілшілерді ұстау фактілері расталды. Сонымен қатар, туындап жатқан даулы мәселелер жағымсыз салдарды болдырмау мақсатында тек қана объективті және кәсіптік талқылауды ғана емес, бұқаралық ақпарат құралдарында айтарлықтай объективті және жан- жақты көрініс табуын қажет ететіндігіне күмән жоқ.
Қазіргі уақытта құрылған және қызмет атқарып жатқан тетіктер әрбір мүдделі тарапқа жер реформалары мәселелерін талқылауға қатысуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, заң қолдайтын қоғамдық диалог форматын сақтап қалу қажет деп санаймыз. Осыны негізге ала отырып, аталмыш мәселе әрбір азаматтың негізгі құқықтарын қозғайтынын ескере отырып, осы үдеріске қатысып отырған барлық тараптар осы құқықтарды, заңнаманы сақтауды және сындарлы өзара іс-қимылды басшылыққа алуы тиіс.