ҚР Парламенті Мәжілісінің делегациясы жұмыс сапарымен Ташкент қаласында болды

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.
Қазақстандық парламентшілер Өзбекстан Заң шығару палатасы Олий Мәжілісі мен Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінде кездесулер өткізді.
Жүздесу барысында депутаттар екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты талқылады.
Парламентшілер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы соңғы жылдарғы қарым-қатынастардың белсенді дамуы жайында атап өтті. Екі ел парламентінің салалық комитеттерінің арасындағы байланыстар мәселелерін талдады.
Сондай-ақ, депутаттар кездесу шеңберінде Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты пікір алмасып, Ауғанстанды басына үйіріліп тұрған қатерден қорғап, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жағдайын талқылады.