ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ташкентте бірқатар келіссөздер өткізеді

Ташкентке келіссөздер жүргізу үшін Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Өзбекстан Республикасымен ынтымақтастық бойынша парламентаралық топтың жетекшісі Мәулен Әшімбаев, аталмыш Комитеттің мүшесі Үсенгелді Медеуов, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің мүшесі Розақұл Халмұрадов ат басын бұрды.
Бүгін қазақстандық депутаттардың ӨР Олий Мәжілісі заңнамалық палатасының спикері Диляра Ташмұхамедовамен, Халықаралық істер және парламентаралық байланыс жөніндегі комитеттің төрағасы Латиф Гулямовпен, Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комитеттің жетекшісі Кодир Джураевпен келіссөздері жоспарлануда. Сондай-ақ, қазақстандық депуттар Өзбекстанның сыртқы істер вице-министрі Эльдор Ариповпен кездеседі деп күтілуде.