ҚР Парламенті Сенатының делегациясы Румынияда болды

Сапар барысында, парламенттік делегация Румыния Парламенті Депутаттар палатасының төрағасы Валериу Штефан Згонямен, Румыния Парламенті Сенатының төрағасының орынбасары Флорин Константинеску, Румыния Премьер-Министрінің орынбасары және Румыния-Қазақстан парламентаралық достық тобының төрағасы Габриэль Опрямен, Қазақстан мен Румыния арасындағы Іскерлік кеңесінің төрағасы және «Грампет-Групп» компаниясының президенті Груя Стойкамен екі жақты кездесулер өткізді. Жүздесулерде Қазақстан мен Румыния арасындағы экономикалық, мәдени және парламентаралық салалар төңірегіндегі байланыстардың мәселелері қаралып, талқыланды.
25 сәуірде «Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы «Қазақстан-2050 Стратегиясы» мен G-Global бастамасы» тақырыбындағы дөңгелек үстел болып, оған екі елдің парламенттік делегациялары, Румынияның мемлекеттік органдарының, қоғамдастығының және іскер топтарының өкілдері мен Қазақстанның дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты комитетінің төрағасы А.Бижанов «Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050 Стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» мен «G-Global бастамасы» тақырыбы бойынша баяндама жасап, сөз сөйледі. Сонымен қатар, дөңгелек үстелде Румыния Парламенті Депутаттар палатасының төрағасы В.Згоня, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Б.Шелпеков, Қазақстан Республикасының Румыниядағы сенімді өкілі Т.Қалиев, «Ромпетрол» компаниясының вице-президенті А.Жанғұлов және басқа да лауазымды адамдар қатысып, сөз сөйледі.
Сонымен қатар, Румыния Парламенті Сенатының Білім, ғылым, жастар және спорт комитетінде, Экономика комитетінде және Румыния Депутаттар палатасы Мәдениет комитетінде кездесулер болды.