ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Қызылорда облысының аудандарында жүр

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бақберген Досмамбетов пен Қожах­мет Баймаханов Қызылорда облысының аудандарын аралап жүр. Сенаторлар осы күндері облыстың Арал және Қазалы аудандарында болып, аудандар активтерімен кездесті.
None
None

Жүздесу барысында депу­таттар Парламенттегі атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Осы аралықта көптеген заңдарға толық­тырулар мен өзгерістер енгізілгенін айтқан сенаторлар ел өміріндегі жарқын белестер жайлы әңгімелеп берді. Мұнан соң залдан түскен сұрақтарға кезек берілді. Ашық пікірлесу тұрғысында өткен кездесуде жұртшылық тарапынан қойылған сауалдарға толыққанды жауап қайтарылды.

Алғаш сөз алған Б.Досмам­бетов Кедендік одаққа бай­ланысты қабылданған заңға түсініктеме жасады. Кедендік түсімдерден түскен түсімдер қомақты. Респуб­лика бюдже­тінің орындалуы да тиісті деңгейде екенін айтқан депутат бағаның өсуіне байланысты бюд­жетке толықтырулар енгізілгенін де жасырмады.

Қ.Баймаханов өз кезегінде ауыл шаруа­шылығы саласына көбірек тоқталды. Оның айтуынша, Қазақ­станға өткен жылы 35 мың тонна күріш сырттан келген. Басым бөлігі көр­ші Ресей өнімі. Сенатор күріш өнімін субси­диялау, күріш тұқымы­ның сапасын жақсарту мақ­сатында Ауыл шаруашылығы министрінің алдына мәселе де қойғанын жет­кізді.

Соңғы жаңалықтар