15:29, 28 Сәуір 2011 | GMT +5
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Парламентаралық одақтың 124-Ассамблеясына қатысты
АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Е.Жұмабаев пен Ғ.Есім Панамада болып, Парламентаралық одақтың 124-Ассамблеясының ашылу салтанатына қатысты.

Әлемнің бірқатар елдерінен жиналған парламентшілердің халықаралық форумы кезінде өзге де мәселелер қатарында MNCH денсаулық сақтау саласында, оның ішінде балалар мен әйелдер денсаулығы үшін жаһандық стратегияның маңызды бастамаларында есептілікті қамтамасыз ету тақырыбы талқыға салынды.