ҚР Премьер-Министрі «ЭРА ГЛОНАСС» шұғыл әрекет ету жүйесімен танысты

МӘСКЕУ. 12 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Мәскеуге жасаған жұмыс сапары барысында ресейлік «ЭРА ГЛОНАСС» апат кезінде шұғыл әрекет ету жүйесімен танысты.
None
None

Тұсаукесер рәсімі «Навигациялық-ақпараттық жүйе» ААҚ-ның бас кеңсесінде өтті.

Жобаны іске асырушылардың сөзіне қарағанда, жүйенің негізгі бағыты - апат немесе түрлі жол-көлік оқиғаларына орай түсетін ақпараттарға байланысты шұғыл әрекет етудің уақытын қысқарту.

Қазақстандық делегацияға «ЭРА ГЛОНАСС» жүйесінің жұмысы көрсетіліп, навигациялық-ақпараттық жүйені құру бойынша нақты техникалық шешімдер мен шұғыл қызметтерді мобильді құралдар арқылы басқару әдістері таныстырылды.

Сондай-ақ пікір алмасылды, оның нәтижесі бойынша Үкімет басшысы ҚР-да осы жүйені пайдалануға қызығушылығын білдірді. «Біз сіздердің тәжірибелеріңізге қызығушылық танытамыз. Осыған байланысты аталмыш мәселені зерделеу мақсатында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевтің басшылығымен жұмыс тобы құрылады», - деді С. Ахметов «НИС ГЛОНАСС» басшылығымен кездесуде.

Соңғы жаңалықтар