ҚР Премьер-Министрі «Іле» оқу-жаттығу орталығына барады

АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов тамыздың 21-і күні «Дала қыраны-2010» арнайы-әдістемелік бітімгерлік жаттығулар өтіп жатқан «Іле» оқу-жаттығу орталығына барады. Бұрын хабарланғандай, бітімгерлік жаттығулар тамыздың 27-сіне дейін жалғасады.
None
None

ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Үкімет басшысын жаттығу орталығымен, «Хаммер» автокөлігін қоса алғандағы «Қазбригтегі» қару-жарақтар және техникамен, «Хьюи-2» тікұшағымен, байланыс және қорғаныс құралдарымен, бронды техника және тағы да басқа құрал жабдықтармен таныстырады.

Қазақстандық «Қазбат» бітімгерлік батальонының бөлімшелері өзідігінен жарылатын құрылғыларды қалай тауып, оны қалай залалсыздандыру керек екендігін, қаруланған қылмыскерлерге қалай шабуыл жасау керектігін әскери жаттығулары арқылы көрсетеді. Сондай-ақ жеке құрам бітімгерлік базалардың қалай қорғанатындығын көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар