ҚР Премьер- Министрі Кәрім Мәсімов Ішкі істер министрлігінде болды

АНА. Қазанның 31-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов елдегі қылмыстық ахуалмен танысу мақсатында Ішкі істер министрлігінде болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ең алдымен Үкімет басшысы К.Мәсімов ІІМ-нің және Астана қаласының ІІД-нің жедел басқару орталығын (ЖБО) аралап көрді. К. Мәсімов республикадағы қылмыстық жағдаймен танысты. Сонымен қатар облыстардағы, Алматы мен Астана қалаларындағы жол қауіпсіздігі саласындағы есепті тыңдады.

Астана қаласының ІІД-нің төрағасы Марат Демеуов елордадағы ахуал бойынша жылдық қорытынды есепті баяндап берді.

Марат Демеуовтің айтуынша, барлық қылмыстардың 60 пайызы ІІД-нің жедел басқару орталығындағы бейнекамералар жүйесі арқылы тіркеледі. «Астанада 273 бақылау бейнекамералары бар. Бұл бейнекамералар қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында орнатылған болатын. Сонымен қатар тәулік бойы 1 мыңға тарта қызметкерлер қоғамдық тыныштықты қорғауға қызмет етеді. ЖБО-да барлық патрульдік көліктерді GPRS жүйесі арқыл бақылап отыруға мүмкіндіктер жасалған»,дейді М. Демеуов.

Соңғы 9 айда Астанада 141 мыңнан аса жол қозғалысының ережелерін бұзу оқиғалары тіркелген. Мас күйінде көлік жүргізген 4818 жүргізушіге әкімшілік шаралар қолданылды.    

Соңғы жаңалықтар