19:10, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрі мен РФ Есеп палатасының төрағасы екі елдің бақылау органдары арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті
АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясы Есеп палатасының төрағасы Сергей Степашинмен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әңгіме барысында екі елдің жоғары қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. С.Степашин Премьер-Министрге Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бірлесіп жоспарлап отырған жемқорлықпен күрес жөніндегі шаралары туралы хабарлады.Сондай-ақ, тараптар екі елдің Үкімет басшылары кездесуінің қорытындылары және Қазақстан мен Ресейдің Кедендік одақ құру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасының кейбір мәселелері туралы да ой бөлісті.«Дағдарыс жағдайында кедендік одақ құру барлық ауыртпалықтан құтқармаса да, екі елдің экономикасы мен өнеркәсібіне айтарлықтай қолдау болары сөзсіз», - деді С.Степашин.Кездесуде Қазақстан мен Ресейдің бақылаушы органдарының арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екені атап өтілді.