ҚР Премьер-Министрі «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының депутаттарына мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады

ТАНА: 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы парламенттік фракциясының отырысында сөз сөйледі.
None
None

Премьер-Министр К.Мәсімовтің «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының отырысында сөйлеген сөзі сөйлеген сөзі facebook.com:80/Kmassimov сайтында орналастырылды.

Кәрім Мәсімов депутаттарды халықты жұмыспен қамту, тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы туралы хабардар етті.

Цифрлар

Жұмыссыздық деңгейі 2007 жылғы 7,3 пайыз көрсеткіштен 2011 жылдың ІІ жартысындағы 5,4 пайызға дейін, ал жастар арасындағы жұмыссыздық - 2007 жылғы 9,4 пайыздан 2010 жылғы 5,2 пайыз көрсеткішке дейін төмендетілді. 1 миллион 170 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды.

Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта мамандандыру стратегиясын жүзеге асыруға 2009-2010 жылдары 342,7 миллиард теңге бөлінді. 2009-2010 жылдары 640 мыңнан астам адам «Жұмыспен қамтудың жол картасына» тартылды, оның ішінде 150 мың адам - кәсіптік қайта мамандануға жіберілсе, 100 мың адам - жастар тәжірибесіне бағытталды.

Жергілікті атқарушы органдар 8880 жобаны жүзеге асырды, 392 мың жұмыс орнын құрды.

2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 19,7 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілді, 535 мыңға жуық қазақстандық өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты.

Үлестік құрылыстарға қатысушыларды қорғауға 440 миллиард теңге жұмсалды, оның 290 миллиард теңгесі Ұлттық қордан бөлінді. 389 нысандағы тұрғын үйлерді пайдалануға беру 53 мың үлескердің мәселесін шешті.

Ипотекалық берешекті қайта қаржыландырудың есебінен 32 мың қарыз алушы бұрын төлеп келген сомадан орта есеппен 30 пайызға аз төлеу мүмкіндігіне ие болды.

Зейнетақының орташа мөлшері 2007 жылмен салыстырғанда 2,6 есеге өсіп, 27 665 теңгеге жетті. Бала туылуына орай берілетін бір реттік жәрдемақының көлемі 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап арттырылды (30 АЕК дейін). Бала 1 жасқа толғанға дейін берілетін жөргекпұлдың көлемі 2,6 еседен астамға көтерілді. 2011 жылы төртінші және одан кейінгі туылған балаларға берілетін жәрдемақының көлемі 2007 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,6 еседен астамға арттырылды.

К.Мәсімовтің сөйлеген сөзінің онлайн-таратылымын http://pm.kz/kz/online сайтынан көріңіздер.

Соңғы жаңалықтар