08:03, 30 Сәуір 2013 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрі отандық бизнесті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады
АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов YPO Kazakhstan коммерциялық емес ұйымдар өкілдерімен кездесті.

Бұл ұйым елдегі ірі бизнесмендердің басын біріктіріп отыр. Бұл туралы Үкімет басшысының www.primeminister.kz сайтында хабарланды.
Кездесу барысында отандық бизнесті одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, YPO Kazakhstan төрағасы Елдар Әбдіразақов басқару машықтарын жетілдіру, инновациялық даму, кадр саясаты, құқықтық жүйе, инфрақұрылымдарды дамыту, бизнесті капиталдандыру мәселелері бойынша бірқатар бастамаларды таныстырды.