08:31, 17 Сәуір 2013 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрі Польша Воеводствосы одағы басқармасының төрағасын қабылдады
АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - 16 сәуір күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Польша Воеводствосы одағы басқармасының төрағасы Яцек Протасты қабылдады. Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайтында мәлім етілді.
Кездесу барысында Қазақстан-Польша қарым-қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Үкімет басшысы аймақаралық ынтымақтастық, аумақтық басқару, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау салаларында ынтымақтастықтың зор әлеуеті барлығын атап айтты.
Өз кезегінде Я.Протас екіжақты байланыстардың қарқынды дамып отырғанын атап, сауда-экономикалық салада, аймақаралық ынтымақтастықта өзара іс-қимылды жандандыра түсу қажеттігіне тоқталды.