18:30, 22 Желтоқсан 2009 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрі Президентке елдің 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы жылға жоспарлар туралы баяндады
АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовті қабылдады,

деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
К.Мәсімов Президентке елдің 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы жылға жоспарлар туралы баяндады.
Кездесу барысында сондай-ақ «Қазақстан-2030» мемлекеттік стратегиясын жүзеге асырудың негізгі қырлары талқыланды.