ҚР Премьер-Министрі Президентке елдің экономикалық дамуының қарқыны мен динамикасы жайлы баяндады

ТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовты қабылдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
None
None

К.Мәсімов Президентке елдің экономикалық дамуының қарқыны мен динамикасы жайлы, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, астық жинау, әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы жайлы баяндады.

- Нұрсұлтан Әбішұлы, мен Сізге 8 айдың қорытындысы мен 9 айдың алдын ала нәтижелерін баяндағым келіп отыр. Үстіміздегі жылдың сәуір айында өткізілген Үкімет отырысында Сіз берген барлық тапсырмалар барлық дерлік көрсеткіштер бойынша орындалуда. 2011 жылдың нәтижелері бойынша Сіз алдымызға қойған 7 пайыздық өсім қамтамасыз етілетін болады. Өндіру өнеркәсіптерінің өсімі озық жүріп келеді. Оның барлығы қазіргі күні Сіз жүргізіп отырған индустриялық бағдарламаның арқасы деп білеміз. Желтоқсан айында көрсетілген мерзімде әңгіме болған нысандардың тұсаукесері өткізіліп, іске қосылады.

Қазіргі күні Ә.Исекешов бастаған жедел штаб бұл мәселеге қатысты жұмыс жасауда, ол осы күні барлық аймақтарды аралап жүр. Барлығы нақтыланған жоспарларға сәйкес жүзеге асырылуда. Сіз жуырда Қостанай, Солтүстік Қазақстанда көргендей, ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау мәселесі бойынша пайдалануда жаңа технологияларды дайындау, жанар-жағар маймен қамтамасыз ету бойынша Сіздің тапсырмаңыз бойынша бірқатар кешенді шаралар қабылданды. Осының барлығы жемісін беріп, қазіргі күні 21 миллион тонна астық жиналды, нақты резервтер де баршылық. Осы жылдың қорытындысы бойынша өнім жинау 24-25 миллион тоннаны құрайды. Осыған орай нақты қиыншылықтар - астық сақтау проблемасы туындап отыр.

Ауыл шаруашылығы министрінің басқаруымен штаб құрылды, ертең біз осы астық өнімін сақтау мәселесі бойынша республикалық селекторлық кеңес өткізуді жоспарлап отырмыз. Әрине, қиындықтар туындап қалуда, бірақ оларды шешуге болады. Ауыл шаруашылығы министрі мен облыс әкімдері хабарлап отырғандай, оның ауқымына қарамастан, астық сақталады. Осы мақсатта Сіздің тапсырмаңыз бойынша бюджетке нақтылаулар енгізілді, оның ішінде астықты тасымалдауға субсидиялау, Сіздің тапсырмаңыз бойынша «ҚазАгро» компаниясымен астықты сатып алу мәселелері де бар. Осының барлығы нақты нәтижелер береді, және біз оны тұрақты бақылауда ұстап отырмыз. Шаруалардың еңбегінің арқасында жиналған орасан астық сақталуы тиіс. Сізге айтайын деген тағы бір мәселе, жанар-жағар маймен қамтамасыз ету мәселесі, ол қазіргі күні қоғамды қатты толғандырып жүр. Тамыз айында бірқатар кешеуілдеулер болды. Ол ең алдымен өзімізді отандық жанар-жағар маймен қамтамасыз ете алмауымызға байланысты болып отыр. Оған біз тек 2014 жылдың желтоқсанынан бастап қана қол жеткізе аламыз. Сол уақытта Қазақстандағы мұнай өндіру зауыттарын қайта құру аяқталады. Жалпы алғанда менің айтайын дегенім, алға міндеттелген барлық бағдарламалар, қиындықтарсыз болмаса да, өз шешімін табуда және Тәуелсіздіктің 20 жылдығына қарай Сіздің барлық тапсырмаларыңыз орындалады, - деді К.Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар