ҚР Премьер-Министрі ресми сапармен Беларусь Республикасына аттанып кетті

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ресми сапармен Беларусь Республикасына аттанып кетті.
None
None

Бұл туралы www.primeminister.kz сайтында хабарланды.

Минск қаласында С.Ахметовтің Беларусь Президенті А.Лукашенкомен және БР Премьер-Министрі М.Мясниковичпен кездесулері жоспарланып отыр. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылайды.

Қазақстан-Беларусь келіссөздерінің қорытындысы бойынша екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту жөніндегі бірқатар бірлескен құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар